Мәдениеттіліктің негізгі көрінісі-Кітап
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №12 кітапхана «Парасат жолы» жобасы аясында Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназия оқушыларының қатысуымен «Мәдениеттіліктің негізгі көрінісі-Кітап» атты жаңа әдебиеттер таныстырылымы болып өтті. Шара барысында жас оқырмандар кітап қорына жаңадан түскен түрлі тақырыптағы әдебиеттер таныса отырып, оқыған қызықты кітаптары туралы пікір таластырды.







