Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №17 Қызылжарма ауылдық кітапханасында «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» атты ерлік сағаты өткізілді. Тәуелсіздік ең қасиетті, қастерлі құндылығымыз, ең басты байлығымыз. Тәуелсіздік-қасиетті де киелі ұғым. Елжандылықты қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шарада тәуелсіздік тағылымы, еліміздің азаттығы жолында күрескен батырлар мен ержүректер туралы айтылып, М. Маметова атындағы жоғарғы колледж студенті Сабыр Дильназ, мектеп оқушылары Сағынтай Әли, Төрехан Ақбота тәуелсіздік жайлы ақындардың «Тәуелсіз Қазақстан», «Тәуелсіздік-қиялымның қанаты» т.б өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Тәуелсіз еліміздің кенен тарихы мен егеменді еліміздің жетістіктерінен мәлімет беретін «Мәңгілік ел-Қазақстан», М. Жолдасбековтың «Тәуелсіздік тағылымы», «Жыр-тұғырым-тәуелсіздік», М.Тоқашбаевтың «Тәуелсіздік тынысым», «Жеңімпаз ұрпақ» кітаптары оқырмандарға насихатталды.







