Тәуелсіздік –қазақтың сан ғасырлық арманы
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 12 кітапхананың ұйымдастыруымен Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 май мектеп-гимназияның 9 сынып оқушылары қатысуымен «Тәуелсіздік –қазақтың сан ғасырлық арманы» атты тарихи кеш өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Тәуелсіз Қазақстанның 31 жыл ішіндегі қол жеткен жетістіктерімен таныстыру.Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей , қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай еңбек етуге шақыру.Оқушылар бойында отансүйгіштік-патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.Ұстаз Алина Батырханқызы оқушыларға тәуелсіздік жолындағы ұлтының ұлықтығын дәлелдеген желтоқсан оқиғасы жайлы видеослайд көрсетіп және Ақалтын Батырханқызы оқушыларға тарихымыз жайлы деректер айтып өтті. Кітапханашы Асқарова Назерке тәуелсіздікке арналған көрмемен таныстырып, кітапхана оқырмандары тәуелсіздікке арналған өлең - шумақтарын оқып, ән шырқады.







