Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған
№16 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында» 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған» атты кітап көрмесі өткізілді.
Шара барысында оқырмандарға қазақ елінің баға жетпес байлығы – Тәуелсіздігіміздің бізге оңай жетпегенін, ғасырдан ғасырға қазақ халқы ел болып бірігу, ұлт болып ұйысу жолында талай белестерден, түрлі қиындықтардан өткені жайлы айтылып, кітап көрмесіне қойылған ұлт-азаттық көтерілістер, Ресей империясына тәуелді болған бодандық, зиялы қауым өкілдерін жаппай қырған «репрессия», аштық жайлаған жұт, желтоқсан көтерілісі жайлы жазылған Б. Нұржеке-ұлының «Қазақ тарихынан», «Қазақ батырлары», С. Жүсіптің «Ашаршылық ақиқаты», А. Бектемісовтың «Тәуелсіздік тартуы», «Желтоқсан көтерілісі» 3 томдық, Б. Төлепбергеннің «Ұлттық идея – Тәуелсіздік тұғыры», «Қасиеттім – Желтоқсан» атты және тағы басқа да әдебиеттерге шолу жасалып, таныстырылды.