Тәуелсіздік-Мәңгілік ел мұраты
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №18 кітапханада 16 желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Тәуелсіздік-Мәңгілік ел мұраты» атты ауызша журнал №197 мектептің кітапханашысы Бекжанова Ғалия және мектеп оқушыларының қатысуымен өткізілді.
Ауызша журнал «Азаттық аңсаған қайран ерлер», Желтоқсан-тәуелсіздік бастауы», «Тәуелсіз ел-Мәңгілік ел» атты үш бет бойынша өткізілді. Біріншіден халқының бостандығы мен азаттығы, қазақтың жері мен елі үшін жан аямай күрескен ата-бабаларымыздың тарихы айтылып, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы, тәуелсіздік жолындағы қазақтың ұлдары мен қыздарының жанкешті ерліктері кеңінен баяндалды. .
Журналдың үшінші беті «Тәуелсіз ел-Мәңгілік Ел» деп аталып, еліміздің даму тарихын, айтулы тұлғалар жайлы, даму стратегиясын айқындайтын әдебиеттерге шолу жасалып, жас оқырмандар оқуына ұсынылды.