Халықтың ардагер азаматы
№14 Белкөл кенті кітапханада қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың 125 жылдығына орай "Халықтың ардагер азаматы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылып , №189 орта мектеп оқушыларына таныстырылды. Көрмеге көптеген ақын- жазушыларымыздың Алаш азаматтары жайлы еңбектері, Ш. Мұртазаның Тұрар Рысқұловқа арналған "Қызыл Жебе" романы, "Жалғыз көпір, Қыл көпір», "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында жарық көрген "Алаш көсемсөзі" кітабы, Н. Сарғожаевтың "Қайта жалғасқан өмір", "Қазақстан ұлттық энцикломедиясынан" Тұрар Рысқұлов жайлы тың мәліметтер алынып жас оқырмандарға ұсынылды.







