Желтоқсан желі ызғарлы

   Қалалық орталықтандырылған   кітапханалар  жүйесіне қарасты №13 балалар кітапханасы мен Ә.Тыныбаев атындағы № 11 мектеп-лицейінің бірлесе ұйымдастыруымен  16 желтоқсан  Тәуелсіздік   күні  аясында «Желтоқсан  желі   ызғарлы» атты ерлік  сағаты 9 сынып  оқушылары  қатысуымен өткізілді. Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен ашылып,  желтоқсан құрбандары 1 минуттық  үнсіздікпен   еске алынды. Жас оқырмандар  «Отты алау  алаңы» сахнада көрініс көрсетіліп, кітапхананың  белсенді оқырмандары 4 сынып оқушылары Ә.Нұреддин, С.Совет, Ә.Шегебай Қ.Саринның «Тәуелсіздік», К.Бақыт «Қайрат Рұсқұлбековтың монологын», 6  сынып оқушысы В.Совет  Р.Бекбергенованың  «Тәуелсіздігім»  жыр-жолдарын жатқа  оқыды.
   Ерлік  сағатының  қонақтары Эколог – ақын, Қазақстан  жазушылары одағының  мүшесі   Мұхамеджан  Нұрханов, ардагер ұстаз Р.Әбдреева,  ұстаз Дүйсенова  Фарида  Тәуелсіздіктің түп - тамыры желтоқсан оқиғасына тікелей  байланыстыра отырып,  1986 жылы 16–17  желтоқсан күндерінде болған желтоқсан оқиғасына тоқталды. Шара барысында оқырмандарға №11 мектеп - лицей деректорының орынбасары Бермағамбетова  Эльмира    Қазақ   елінің сол бір ықылым  заманнан дербес, Тәуелсіз  ел болу  мақсатындағы, еркіндікпен  бақытты   өмір  сүру үшін  жүргізген толассыз,  тынымсыз    күрестердің  сан  ғасырлық тарихынан   тарихи  деректерді   айтты.. Шараны   әуез  пәнінің   мұғалімі  Комаров Қайрат  «Атамекен» әнімен  қорытындылады.   

   
15 желтоқсан 2022 ж. 269

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам