Тарих ғасырлар куәсі
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Тарих ғасырлар куәсі» атты кең көлемді кітап көрмесі насихатталып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Шараға «Абылайхан» атындағы жоғары колледж және Қызылорда гуманитарлық-экономикалық колледж студенттері қатысты. Шолу барысында кітапханашы Төлендиева Данагүл ұлт тарихына тереңінен үңіліп, ата-бабаларымыздың жүріп өткен соқпақ жолдарына, қазақ халқының тарихындағы ең маңызды оқиғаларға, ата-бабаларымыздың қасық қаны қалғанша жеріміз үшін жасаған ерліктеріне ерекше тоқталып өтті.







