Еңбектен бақыт тапқан Батыр Ана

   Сыр өңірінің талай ардақты, өнегелі өмірі мен сырлы шежіресі аңызға айналған  ел аналарының ерен еңбегі мен жарқын істері бүгінгі ұрпаққа үлгі өнеге. Солардың бірі, бар бақытын еңбектен тапқан  Сыр елінде айрықша құрметке бөленген  Батыр Ана, Еңбек ері Ұлбала Алтайбаева. Осы орайда, «Парасат жолы» жобасы аясында Батыр ана, Еңбек ері Ұлбала Алтайбаеваның 100 жылдық мерей тойына орай, А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана «Еңбектен бақыт тапқан Батыр Ана» атты бейнебаянды кітапхана оқырмандарына және желі пайдаланушылар назарына ұсынады. Бейнебаянда Ұлбала Алтайбаеваның өмірі мен ерен еңбегі, жарқын істері бейнеленді. Сондай-ақ, еңбек майданының  алдыңғы шебінде  жүріп, соның нәтижесінде қол жеткізген жетістіктері мен осы табыстары үшін алған ордендерімен, бірнеше медальдары жайлы да баяндалып ақпарат берілді.

12 қаңтар 2023 ж. 281

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам