Келбеті көркем, сұлу қалам
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №17 Қызылжарма ауылдық кітапханасында «Қазақстан-жаңару мен гүлдену жолы», «Келбеті көркем, сұлу қалам» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының тарихы, көрікті жерлері сонымен қатар қазақ халқының өзіне тән ұлттық құндылықтарын таныстыратын әдебиеттер, Қызылорда қаласының 205 жылдығына орай қала тарихы, өсіп-өркендеуі, мәдениеті мен жергілікті ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін әдебиеттер кітапхана оқырмандарына таныстырылып, оқуға үсынылды. Көрменің мақсаты: Қазақстан мен қасиетті Сыр өңірінің өткені мен бүгінгі тарихын өскелең жас ұрпаққа насихаттау.







