Жас жүрек жайып саусағын
«Жастар» орталығында орналасқан №19 кітапханада «Жас жүрек жайып саусағын» -атты әдеби- сазды кеш Қорқыт Ата атындағы ҚМУ жанынан құрылған «Сырлы қалам» ақындар ұйымының мүшелері, №140, №267 мектептің оқушылары, кітапханашысы қатысуымен өткізілді. Бір мақсатта бас қосқан Сыр елінің талапты жас ақындары жауһар жырларды жүректен жүрекке жеткізде оқып, жыр жолдарын ағызды. Марат Нәби мен Фатиханың орындауындағы әсем әндер кештің сәнін келтірді.








