Бар жақсылық балаларға

     Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №16 кітапханада ақын Нұрхан Жанаевтың   90 жылдығына орай  «Бар жақсылық балаларға»  атты  әдеби оқу өткізілді.
    Шара барысында Нұрхан Жанаевтың өмір жолдары мен шығармашылығы жайлы мәліметтер беріле отырып, ақынның  туған жер, табиғат, адам бойындағы сан түрлі қасиеттер жайлы жазылған «Мақсат тауы», «Еңбек», «Табиғат», «Кездерім көп»,  «Өсиет»,  «Шопан», «Інім Ахатқа» және т.б. өлеңдерін кітапхана оқырмандары мәнерлеп оқыды. Шараның құрметті қонағы болған ақынның немере қарындасы, ардагер ұстаз Жанат Ахатқызы Нұрхан Жанаевтың  өмірі, еңбектері, үлгі-өнегесі жайлы әсерлі әрі тағылымды әңгімелерімен бөлісіп, жас оқырмандарды білімді болуға шақырды.

     
13 қаңтар 2023 ж. 534

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам