Тәуелсіздік-Мәңгілік елдің мұраты
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №4 кітапханада «Тәуелсіздік-Мәңгілік елдің мұраты » атты кітап көрмесі жас оқырмандар қатысуымен ұйымдастырылды. Көрмеге «Тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері» атты ғылыми – танымдық мақалалар жинағы, «Мәңгілік ел - Қазақстан» атты Фото – альбомы, Б. Төлепбергенннің «Ұлттық идея – Тәуелсіздік тұғыры» атты публицистикалық толғаулары, ҚР – сы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған оқиғалар хроникасының 1- 2 көп томдық жинақтары, «Тәуелсіздік белестері» тағы да басқа әдебиеттер қойылып шолу жасалды. Шараның мақсаты:Еліміздің Тәуелсіздік алғаннан кейінгі дербес мемлекет ретінде даму тарихына шолу жасау, Жас ұрпақтарды Отанын сүюге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.







