Кітапхана және кітап әлемі
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №8 Ж.Маханбетов ауылдық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кітапхана және кітап әлемі» атты дөңгелек үстел жастар қатысуымен өткізілді.
Шара барысында қазіргі кезеңдегі жастардың кітап оқуға деген көзқарастары, кітапханаға деген қажеттіліктері туралы ой-пікірлер айтылып, кеңінен талқыланды. Кітапхананың белсенді оқырмандары № 7 мектеп-лицей 10 сынып оқушысы Әліш Ақәділ, 6 сынып оқушысы Жақсылық Ақтан және Қорқыт-Ата университетінің 1 курс студенттері Нұрсұлу Жаңаберген, Салтанат Батырханқызы өздері өздері оқығын кітап жайлы айтып, дайындаған өлең шумақтарын оқыды.
Шараның мақсаты: Оқырмандарды кітапхана қорындағы сала әдебиеттерімен таныстырып, кітап оқуға тарту, мерзімді басылымдарды оқуға, білімге деген ізденістерін қалыптастыру. Білімнің кілті кітап арқылы берілетіндігін, адам өміріндегі маңызын ұғындыру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру, саналылыққа баулу.







