Әлемнің ғажап елі – қасиетті қазақ елі
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапханада «Әлемнің ғажап елі – қасиетті қазақ елі», «Жылдың мерейтой иелері», «Әлем әдебиетінің інжу-маржандары», «Өміріңді өзгертетін уақыт келді», «Жаңа кітаптар галереясы» және «Жыл кітабымен танысыңыз!» атты кең көлемді кітап көрмелері ұйымдастырылып, кітапхана оқырмандарына таныстырылды. Іс-шараға К. Қаракөзов атындағы №235 орта мектептің оқушылары, кітапхана қызметкерлері қатысып, кітап көрмелерін тамашалады.
Іс-шараның мақсаты – оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітапхананың тыныс-тіршілігімен таныстыру, жаңа әдебиеттерді насихаттау, кітапханаға оқырман тарту болып табылады.
Іс-шараның мақсаты – оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітапхананың тыныс-тіршілігімен таныстыру, жаңа әдебиеттерді насихаттау, кітапханаға оқырман тарту болып табылады.







