Өнермен өрілген өмір
№20 кітапханада оқырмандарға Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, сахна және кино өнерінің даңқты шебері Әмина Ерғожақызы Өмірзақованың өмірі мен өнердегі өнегелі жолын таныстыру, эстетикалық тәрбие беру мақсатында «Өнермен өрілген өмір» атты әдеби дайджест өткізілді. Шара барысында мерейтой иесінің өмірбаяны, театр сахнасы мен кинодағы ойнаған рольдері жайлы мәліметтер айтылып, майталман актрисаның фотосуреттері таныстырылды.







