Жаңа түскен кітаптар

   Кітапхана  қорына  жаңа түскен  кітаптармен оқырман қауымды таныстырып, кітап оқуға баулу, бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында А.С.Пушкин атындағы  орталық   кітапхана  Абылайхан атындағы №140 орта мектептің жоғары сынып оқушыларының  қатысуымен жазушы,ҚР Жазушылар одағының мүшесі, «Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты Асқар Алтайдың  екі томдық таңдамалы шығармасына  кітап беташары өткізілді. 
   Жазушы Асқар Алтайдың есімі бүгінгі қазақ әдебиетінде орнын ойып алғаны рас. Көзі қарақты оқырман оның әр шығармасын асыға күтеді. Оқырмандарға ұсынылып отырған  екі томдық таңдамалысында балалар туралы әңгімелері арасынан мектеп оқулықтарына  енгендері де бар. Оқырманға  түрлі ой-сезім сыйлайтын табиғаты ерек, айтары мол, өзгеше  өрнекті туындыларының басын  осы екі томдық  жинаққа   біріктірген. Асқар Алтай  отыздан астам шығарманың авторы. Олардың қатарында әңгіме, повесть пен романдар да бар: «Қызыл бөлтірік», «Қара бура», «Қаладағы құтпандар», «Жолаушы », «Қыр мен қала хикаялары»,  «Алтай новелласы»,  «Казино»,  «Киллер сауысқан», «Сират», «Алтай балладасы», «Дегелеңдегі қызыл күн», «Туажат». 
Бүгінгі кітап беташарында жазушының «Сарыптау серісі», «Дегелеңдегі қызыл күн», «Казино», «Кентавр» әңгімелерін оқыған Базарханқызы Динара, Жиенқұлова Рухая, Бағдатқызы Жадыра өз ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты. Кітапханашы Махаббат Бақытбекқызы «Туажат» романынындағы басты кейіпкер Байбурадай  қазақ сарбазының жанкешті ғұмыры жайлы айтып берді. Өз елінде, туған жерінде жатқа айналған азаматтың тағдыры арқылы автор бүгінгі өмірде пайда болған «туажат» философиясының астарына ерекше тоқталып, айтып  өтті. Жазушының жүйрік қаламынан жорғалай құйылған әсерлі, тың туындылар оқырман көңілінен шығып, шара өте тартымды, әсерлі өтті.

     
20 қаңтар 2023 ж. 28

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам