Тұрақты кітап көрмесі

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №13 балалар  кітапханасында  «Алақай жаңа  кітаптар», «Жыл таңдауы-2023», «Жылдың  мерей  той иелері», «Табиғатты  аялап, бағалай білейік», «Менің Отаным - Қазақстан» атты кең  көлемді тұрақты кітап көрмесі  ұйымдастырылып, кітапхана оқырмандарына   насихатталды. Ә.Тыныбаев  атындағы № 11   мектеп - лицейінің 4  сынып  оқушыларымен, сынып жетекшісі Абдраманова Дәмелі Асанқызы  аға кітапханашы Байымбетова Шолпан,  кітап  көрмесімен танысты. Кітапхана оқырмандары кітап көрмесіндегі қызықты балаларға   арналған кітаптарды оқып,  Әзілхан Нұреддин, Сержан Шұғыла, Төреш Ақсүрік ақындардың жыр жолдарын жатқа оқыды. 
   Шараның мақсаты: Жас буын оқырмандарға туған  елдің  тарихы мен мәдениетін, білімі  рухани байлықтарын  насихаттап, кітапханаға деген  қызығушылығын оятып, кітапханаға жаңа  оқырман   тарту.
21 қаңтар 2023 ж. 23

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам