Кітап, интернет және жастар
№6 кітапхана С.Ысқақов атындағы Құрылыс және бизнес колледжінің 2 курс студенттерімен жастарды кітап оқуға саналы түрде баулу, оқырмандардың оқу мәдениетін қалыптастыру, рухани байлығын дамыту мақсатында «Кітап, интернет және жастар» атты пікір талас кешін ұйымдастырды. Кеште колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Дәулетбаева жалынды жастық шақты кiтаптың асыл нұрымен нұрландырып, ақыл өрiсiмiздi кiтап даналығымен кеңейту қажеттілігі туралы мағыналы әңгіме айтты. Өндіріс оқу шебері Оразбаева Д. экономика топ жетекшісі С.Апенова интернеттің пайдасы мен зияны, пайдалы ақпараттарды қажетті жағдайда қолдану керектігі жайлы пікірлерін айтса, студенттері С.Есбергенов, А.Елікбай, Н.Талғат, Д.Серікбай, Б.Русланұлы оқыған кітаптарының тәрбиелік мәні туралы айтып, ой бөлісті.







