«Өмірде шектеу жоқ» кітабы
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №10 Қызылөзек ауылдық кітапханасы және №39 "Қызылөзек" орта мектебі бірлесіп "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Ник Вуйчичтің «Өмірде шектеу жоқ» кітабының таныстырылымен өткізді. Шығарма кітаптың авторы, әрі кейіпкері Ник Вуйчичтің маңдайына жазылған ғажап тағдыр, өмірге қол-аяқсыз келген бейкүнә сәбидің тағдырына алаңдаған ата-анасының көңіл күйі және өз өмірі үшін күресе білген ғаламат қажыр-қайрат иесінің саулелі бақытқа ұмтылған шынайы бейнесі туралы жазылған. Шараның мақсаты кітап кейіпкері Никтің бүкпесіз баяндалған өмірі арқылы жастарды өміршеңдікке жақсылыққа ұмтылдыруға ықпал ету.







