Зерделі талант, білімді қаламгер
«Бір ел -бір кітап » республикалық акциясы аясында 2023 жылғы Жыл таңдауына қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Төлен Әбдіктің шығармалары оқуға ұсынылып отыр. Осыған оай, Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада "Зерделі талант, білімді қаламгер"атты кең көлемді кітап көрмесінің ашылу салтанаты өтіп, әдебиеттерге шолу жасалып, таныстырылды.
Шараға «Абылайхан» атындағы жоғары колледжінің кітапхана меңгерушісі Қоспанова Айымкүл Омарқызы , Қызылорда гуманитарлық-экономикалық жоғары колледжінің педагогика пәнінің оқытушысы Қанибайқызы Ақмарал , Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда Құрылыс және бизнес колледж кітапханасының меңгерушісі Ибрагимова Бақыт Сұлтанбекқызы, Тұрар Рысқұлов атындағы №222 орта мектептің қазақ тіл мен әдебиет пәнінің мұғалімі Әлішбекова Гүлшарат Қасқырбайқызы , ОКЖ -ің директоры Рахметова Гүлмира Шамсутдинқызы қатысып, қарымды қаламгер жайлы жастарға ой тастарлықтай ұлағатты әңгімелерін айтып, ой бөлісті. Кітапхананың белсенді жас оқырмандары Ә.Әлібек, Д.Сейітов, А.Айтмағамбет, Е.Ерсінұлы, Б.Бақытжанұлы, Н.Жанасбаева жазушының «Әке» повесінен көрініс көрсетіп, перзент көзімен қарағандағы Әкенің бейнесін, әкенің қадірін, әкеге деген сағынышты ерекше әсерлі етіп сомдады.. Шара барысында Төлен Әбдіктің өмірі мен шығармашылығына арналған «Талант тағылымы » атты бейне баяны ЛЭД экран арқылы шараға қатысушыларға көрсетіліп, таныстырылды. Бүгінгі күні қазақ қоғамында рухты көрсететін, жастарымызды ерлік пен батырлыққа, патриотизмге шақыратын, өмірге құштарлықты насихаттайтын кітаптар өте көп, ал сол туындыларды оқып, өмірден өз орындарын тауып, тағылымды жолмен, ізгілікті ізбен жүретін жастарымызға Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлмира Шамсутдинқызы алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.










