Сөзден моншақ тізген ақын

   №2 балалар кітапханасында  Жаппасбай Нұрсейітов атындағы №233 мектептің , Амангелдиева  Гулзираның жетекшілік еткен 4 «А» сынып оқушыларының қатысуымен, жергілікті ақын Нұрхан Жанаевтың 90 жылдығына орай «Сөзден моншақ тізген ақын» атты поэтикалық марафон өтті. 
   Шара барысында  1933 жылы Қызылорда облысы,Тереңөзек ауданында дүниеге келген ақын – Нұрхан Жанаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы айта отырып,   табиғаттын сүлулығын суреттейтін «Күз» , «Жапырақтар сыбырлап», «Жиде иісі» т.б. жырлары оқылды. Сыр өңірінде туып –өскен  ақынның   туған жерден бастау алған жыр желісі де тыс қалмады. Балалар «Сырдария» , «Ана тілі», «Туған жер» т.б. ақынның   інжу- маржандай жарқыраған   жырларын жатқа оқыды.
Шара соңында балалрға ақынның шығармаларына арналған «Сөзден моншақ тізген ақын» атты кітап сөресі таныстырылды.

27 қаңтар 2023 ж. 450

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам