Ізде, көр, таныс бол
Библиография барлық білімнің кілті. Сол кілтті дұрыс пайдалана білу керек, осыған орай Абылайхан атындағы № 140 қазақ орта мектептің кітапхана менгерушісі Бегман, Махаббаттың және №2 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен « Ізде, көр, таңыс бол» атты библиографиялық ойын өтті. Ойынға Ыбырай Нұрайлым жетекшілік еткен 6 «Ә» сынап оқушылары екі топқа бөлініп, қатысты. 1 топ –«Қыран» , ал 2топ- «Ұлан» атанды. Ойын шарты бойынша, дұрыс жауап берген топ «КІТАП» деген сөздін бір әрібін алып, толық сөзді құрауға тырысты. Ойын барысында балалар анықтамалық, энциклопедия, сөздік кітаптарымен жұмыс істеуді үреніп, алдарына берілген: «Қызылорда туралы тарихи мәліметтерді» қайдан табуға болады?, Жер қай жылдамдықпен айналады?, Тереңгетартқыш тамырлар? т.б.сұрақтарға толық жауап берді. Бірінші боп сөзді құраған «Қыран» тобы жеңімпаз боп аталды.







