Қаққанда шабыт – сұңқар ақ қанатын

   Қалалық  орталықтандырылған жүйеге қарасты №13 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен балалар ақыны Нұрхан Жанаевтың – 90 жылдығына  орай «Қаққанда шабыт – сұңқар ақ қанатын»  атты әдеби оқу  Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп – лицейдің 5  сынып оқушылары мен  ұстаздар қатысуымен өткізілді.  Жас оқырмандар   ақынның  «Назқоңыр»,  «Тігінші кірпі»,   «Дождик, дождик, поливай» т.б  жыр жинақтарынан   жырларын жатқа оқып, «Балалық балғын кездерім» атты кітап көрмесі бойынша шығармалары кеңінен таныстырылды. №11 мектеп – лицей директорының  бастауыш оқу ісі жөніндегі орынбасары  С.А.Курманалиева  шараға белсене қатысқан кітапхана оқырмандарына алғысын білдіріп кешті қорытындылады.
     
      
01 ақпан 2023 ж. 61

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам