Қос жұлдызды ана
Қалалық жүйеге қарасты №3 кітапханамен М.Ералиева атындағы мәдениет үйі бірлесіп жастарды еңбекке баулу мақсатында атақты күрішші Ұлбала Алтайбаеваның туғанына 100 жыл толуына орай «Қос жұлдызды ана» атты тақырыптық кеш өткізді.
Жасынан еңбекке араласып, ерлермен бірдей қайрат танытқан, тылдағы қара жұмыстың қаһарманы атанған еңбектің ерен ері, Батыр ана есімін ұлықтап, еңбек адамының өмірін кейінгі жастарға насихаттауды мұрат еткен кешке Ыбырай Жақаев атындағы «Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми – зерттеу институты» ЖШС басқарма төрағасы Самалбек Оразбайұлы және айтыскер ақын, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Таңдаулы транспорт қызметкері» атағының иегері Қазына Өзденбаева қатысып, жастарға Ұлбала Алтайбаеваның өмірі мен еңбек арқылы жеткен жетістіктері туралы әңгіме қозғады.