Жаман әдет- денсаулықтың жаулары
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №11 Талдыарал ауылдық кітапхананасында жас жеткіншектерді жаман әдеттерден аулақ болуға насихаттау мақсатында «Жаман әдет- денсаулықтың жаулары " атты денсаулық сағаты өтті. Шараға ауыл фельдшері Әбдрахмен Бақытбек қатысып жас оқырмандардың сан түрлі сұрақтарына жауап берді. Денсаулық туралы қызықты мағлұматтар айтылып, оқырмандарға салауатты өмір салтын ұстануға кеңес берді. Адам саулығын сақтау, түрлі аурулар мен емделу жолдары туралы әдебиеттерге шолу жасалып, оқуға ұсынылды.







