Шоқтығы биік өнер иесі

    Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №16 кітапхананың ұйымдастыруымен № 136 мектеп-лицей оқушылары арасында қазақтың көрнекті ақыны Омар Шораяқұлының 145 жылдығына орай «Шоқтығы биік өнер иесі» атты ауызша журнал өткізілді.
Үш бөлімнен тұратын ауызша журналда ХХ ғасырдың басындағы халық ақындарының көрнекті өкілдерінің бірі – Омар Шораяқұлының өнегелі өмір жолдары, оның ғибрат айту бағытында жазылған шығармаларындағы шеберлігі, ақындық дарындылығы жайлы, елді ауызбіршілікке, адалдыққа, ізгілікке баулитын асыл мұралары жайлы кеңінен айтылды. Шара соңында ақынның кітапхана қорындағы әдебиеттері таныстырылып насихатталды.

     
07 ақпан 2023 ж. 202

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам