Сыбайлас жемқорлық деген не?
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №17 Қызылжарма ауылдық кітапханасы Мәдениет үйімен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлық деген не?» атты таным сағатын өткізді. «Сыбайлас жемқорлық» деген «параға сатып алу» «пара» деген мағынаны білдіреді. Тақырып төңірегінде оқушылардың пікірлері тыңдалды. Қорытындылай келе сыбайлас жемқорлықты қалай жоюға болатыны жөнінде түсіндіріліп, оқушыларға әрқашан да адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсатты нәтижелерге жету үшін өз мүмкіншіліктерімен жетуге тырысу керектігі айтылды. Шараның мақсаты: «Сыбайлас жемқорлық» деген ұғымды түсіндіру, өскелең жас ұрпақ өкілдерін әділдікке тәрбиелеу.







