Менің атым Қожа
№20 кітапхананың ұйымдастыруымен қазақ балалар әдебиетінің классигі Б. Соқпақбаевтың 95 жылдық мерейтойына арналып «Менің атым Қожа» повесі бойынша оқырмандар конференциясы өткізілді. Шара барысында кітапхана оқырмандары Ф. Мәдениет, Т. Ниязбаева, Д. Ашықбай, М. Болат, Д. Жалғас және т.б. барша әдебиет сүйер қауымның сүйікті шығармасына айналған туынды жайлы, оның кейіпкерлері Қожа, Сұлтан, Жантас, Жанар, Дәулет, Қожаның әжесі мен анасы, ұстаздары Х. Майқанова, Рахманов жайлы өз ой-пікірлерін, сондай-ақ, повесть желісімен түсірілген, режиссер А. Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильмінен алған керемет әсерлерімен бөлісіп, замандастарын әдебиетке балалықты әкелген жазушының өзге де шығармаларын оқуға, бос уақыттарын тиімді өткізуге шақырды.







