Бесік салу жоралғысы.

«Бесік салу жоралғысы» атты этнографиялық сағат.Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 4 кітапхананың ұйымдастыруымен   Т.Рысқұлов атындағы №222мектеп кітапханасында  «Бесік салу жоралғысы» атты этнографиялық сағат өткізілді.  Ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғырту мақсатындағы   шара барысында  ата-бабамыздан келе жатқан бесікке салу дәстүрі  жайлы оқушыларға мағлұмат беріліп,    бесіктің  маңызы мен пайдасы,  құндылығы жайлы  айтылды. Викториналық сұрақтар ойнатылып, әдебиеттерге шолу жасалды.   Мектеп мұғалімі Шара апайлары  бесікке салу рәсімін жасап, бесік жыры айтылды. Кітапхана қызметкерлері Шара апайға қазақы дәстүрмен  сый-сыяпат көрсетті. 
08 ақпан 2023 ж. 431

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам