Мен өмірді жырлау үшін келгенмін
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №14 кітапханасымен Белкөл кенті клубы қызметкерлері бірлесіп ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні құрметіне “Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты поэзия кешін өткізді. Ақынның өмір жолы мен шығармашылығымен танысқан жас оқырмандар “Қарлығашым келдің бе?”, “Дариға жүрек”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің”,”Өмір дастан” т.б өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып, көрерменнің жүрегіне жеткізе білді. Мектеп оқушылары ақынның өздері таңдаған шығармалары бойынша қылқаламмен қағаз бетіне сурет салып, поэзияға деген қызығушылықтарын көрсетті. Кеш ақынның сөзіне жазылған композитор Елена Әбдіхалықованың “Есіңе мені алғайсың” әнімен аяқталды.







