Қазақ поэзиясының Хантәңірі – Мұқағали
Қалалық жүйеге қарасты №13 балалар кітапханасы мен Әбубәкір Тыныбаев атындағы №11 мектеп – лицейінің бірлесе ұйымдастыруымен, қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жұртшылықтың махабатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Қазақ поэзиясының Хантәңірі – Мұқағали» атты поэзия кеші өткізілді.
Шараны ақынның «Мейірім бер, қымбаттым!» атты өлеңі бойынша прологпен Совет Виолетта ашып берді. Шараға Әбубәкір Тыныбаев атындағы №11 мектеп – лицейдің оқушылары қатысып, ақынның жырларын жатқа оқыса, Сәкенұлы Нұрсұлтан «Қазағым – ай», Тілеубай Айзере «Домбыра туралы баллада», Тасбөгет аула клубының өнерпазы Күнғабылов Абылай М.Мақатаев ақынның әндерін шырқап көрерменнің ықыласына бөленді. Шара соңында белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Ақын шығармаларынан кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, шығармалары таныстырылды.