Жүрекке төгіп мың сәуле

    Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №19 кітапханада қазақтың ақиық ақыны  Мұқағали Мақатаевты еске алу мақсатында «Жүрекке төгіп мың сәуле» атты әдеби- сазды кеш өтті. Кешке «Тілдерді дамыту орталығы» КММ-нің оқу әдістемелік бөлімнің басшысы  Г.ҒСемиева, ғылыми бөлім сарапшысы Ш.Қайбрахман, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері, Сыр өңіріне белгілі ақындар мен белсенді жастар, Қорқыт Ата университетінің студенттері мен мұғалімдері, №19 кітапхана оқырмандары қатысты. Кеш Мұқағали  Мақатаев туралы мини-қойылыммен басталып, талантты жастар Мұқағали әлеміне тереңірек бойлап,оның сыршыл поэзиясы,пайымдауы өзгеден бөлек жебелі жырларын жүректерге ерекше үнмен, серпінмен жеткізіп орындады.
   
10 ақпан 2023 ж. 460

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам