Ауған соғысының ардагерлері
Қалалық орталықтандырылған жүйеге қарасты №5 Абай ауылдық кітапханасында жастарды әскери-патриоттық сезімде тәрбиелеу мақсатында ауған соғысының ардагерлері - Жаров Әлібекпен,Жакібаев Талғатпен, Жүсіпов Ғабитпен, Иманғалиев Әлішермен кездесу кеші өткізілді.Мемлекеттік гимн орындалып, соғыста қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Ауған соғысы жайлы қойылым қойылып, патриоттық өлеңдер оқылып, ән шырқалды.









