Табиғаттың тағы перзенті
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №18 кітапханада кітап мерейтойлары аясында Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі бойынша «Табиғаттың тағы перзенті» атты танымдық кеш №197 мектептің 4 сынып қушыларымен өткізілді.
Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінде оқиға желісі түз тағысы қасқыр туралы өрбиді. Табиғат – айналадағы қоршаған орта. Қасқыр жыртқыш, айлакер аң, дала тағысы. Оның қайсарлығы – кез келген айқаста жеңіске жеткенше немесе жеңіліп демі үзілгенше шайқасуынан көрінеді.
Әңгімедегі бейкүнә бала Құрмаштың өлімі – табиғаттың адамға берген жауабы секілді, адам баласы табиғат заңдылықтарымен өмір сүрудің дұрыстығын, адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік сақталуы тиіс екендігін көрсетеді. Шараға қатысушы жас оқырмандарымыз да табиғаттың тағы перзенті Көксерек туралы өз ойларымен бөлісті.
Мақсаты: Балаларды кітап оқуға, өз ойларын еркін, ашық айтып, табиғаттың заңдылықтарын түсінуге, мейірімділікке тәрбиелеу.