Керімсал кербез жануар
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі №8 кітапханада «Керімсал кербез жануар» атты № 143 мектеп оқушылары қатысуымен танымдық кеш өткізілді.
Жылқы — малдың патшасы. Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ.Дегенмен жылқының адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары. Шара барысында жылқы малы туралы жалпы түсінік беріліп, аталған тақырыптағы әдебиеттер таныстырылды. Мереке-қуанышта,қайғы-қасіретте,басқа түскен не ауыр күндерде, жаугершілік заманда бұл түлік адамның жан серігі, айырылмас досы болған екендігі айтылып, Қобыланды батырдың Тайбұрылы, Алпамыс батырдың Шұбары, қазақ ертегілеріндегі жылқы малының адамға тигізер пайдасы мысалға келтірілді. Қазақ ақындарының жылқы малы туралы жыр жолдары жатқа оқылып, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер айтылды.