«Көксерек» кітабы
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №17 Қызылжарма ауылдық кітапханасында заңғар жазушы М.Әуезовтың «Көксерек» кітабының жарыққа шыққанына 95 жыл толуына орай кітап талдауы өткізілді..
Оқырмандар «Көксерек» повесінде адам асыраған бөлтіріктің өскен соң даладағы тағы қасқырларға қосылып алып, қасқырлық қылығын істеп, өзін асыраған Құрмаш баланы өлтіргені онан кейін талай рет малға шауып, үлкен қырсық боп тигені, ақыры бүкіл ел болып оны әрең ұстап өлтіргені баяндалатыны жайлы айта келе, адам мен табиғат арасындағы байланыс, табиғатқа шабуыл жасау оның тыныштығын бұзу мәселесі төңірегінде жеке-жеке талдап өз ойларын ортаға салды. М. Әуезов «Көксеректе» үстем күштің әсерінен елден де, жерден де, ғасырлар бойы бастан кешкен тұрмыс-тіршіліктен айрылу алдында тұрған қазақ халқының жалпы болмысын суреттеуді мұрат тұтқан. Шараға №144 С. Әлжіков атындағы мектептің мұғалімі Кенжалиева Әлия сынып оқушыларымен қатысып, оқырман ретінде тіркелді.