Мен оқимын, ойлаймын, ойнаймын

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты  №1 кітапханада Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Мен оқимын, ойлаймын, ойнаймын» атты зияткерлік сайыс болып өтті. 
   Сайыс «Кім тапқыр»,  «Мақал мәтел сайысы»,  «Мен оқыған кітап»   кезеңдерін қамти отырып,  «Жасқыран», «Дарын»  топтары арасында өрбітілді. Сан қилы сұрақтарға ұтымды жауап берген   «Дарын»  тобы жеңімпаз атанды.  С.Майқанова мәдениет үйінің әдіскері З.Сүндетова және Г.Жанекеевалар  ойынға төрелік жасап, белсенділік танытты.
   Мақсаты: Оқырмандар арасында пікір талас және тәжірибе алмасу, шығармашылық шеберліктерін шыңдау, зияткерлік әлеуетін анықтау, логикалық ойлауға, жан-жақты сауатты болуға үйрену, оқу-білімге қызығушылықтарын   дамытып озық болуға тәрбиелеу.

 
17 ақпан 2023 ж. 578

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам