Мынау аппақ дүние
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №8 кітапханада жазушы, драматург Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толуына орай «Мынау аппақ дүние» атты әдеби портрет № 268 мектеп-лицей оқушылары қатысуымен өткізілді.
Жазушы Оралхан Бөкеевтің шығармалары мен өмірі жайлы мағұмат беріліп, кітаптарына шолу жасалды. Жазушының ауыл тұрмыс тіршілігін, адамдардың мінез-құлықтарын, кескін –келбетін Алтай өңірінің сұлу тамаша табиғатын тамылжыған тілімен бейнелеген, оқырман көңілінен шығатын тамаша танымдық қасиеттерімен дараланған шығармалары жайлы оқырмандар Бақытов Нұрболат, Найзағараева Күнжамал, Досжанов Мақсұт, Найзағараева Сара, Нұржакипова Шарапат «Қайдасың қасқа құлыным», «Құлыным менің», « Біздің жақта қыс ұзақ», «Өз отыңды өшірме» шығармалары туралы ойларын айтты.