Бала күлкісін бақытына балаған
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхана «Қаламгер сағаты» жобасы аясында бүкіл шығармашылық жолын балаларға арнаған көрнекті ақын Сұлтан Қалиевтің 80 жылдығына орай «Бала күлкісін бақытына балаған» атты жыр марафонын өткізді. Іс-шара барысында К. Қаракөзов атындағы №235 орта мектептің бастауыш сынып оқушылары ақынның Отан, туған жер, достық, адамгершілік жайлы жазылған «Қазақстан», «Менің елім», «Астана – символдар қаласы», «Жамбыл баба», «Наурыз мейрамы», «Шопан» және т.б. өлеңдерін оқып, балалардың ой ұшқырлығын дамытатын жаңылтпаштарды тез әрі мүдірмей айтып өздерінің алғырлықтарын көрсетті. Бір сәт түрлі тақырыптағы қызықты жұмбақтардың жауабын жылдам тауып білімдерін сынады.







