Шәкәрім оқулары

  Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қолдауымен жас оқырмандар және оқушылар арасында Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдық мерейтойы аясында «Шәкәрім оқулары» атты қалалық байқау өткізілді. Байқауға жүйеге қарасты кітапханалардың белсенді оқырмандары қатысты. Байқау 3- кезең бойынша 5-7 сынып оқушылары арасында өткізілді. 
  Байқауға Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының мемлекеттік тіл оқытушысы Таджиходжаева Нұрбану  Нұржауқызы, Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Рахметова Гүлмира Шамсутдинқызы және жүйенің кәсіподақ ұйымының төрайымы Оразбекова Мира Торғайқызы қазылық етті. 
  Байқаудың нәтижесі бойынша № 43 Ж.Махамбетов атындағы мектептің «7г» сынып оқушысы Сәбит Сезім Асқарқызы бас жүлдені иеленіп Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткізілетін байқауға жолдама алды. 
  Сонымен қатар  № 218 мектептің 7 сынып оқушысы Әділханқызы Інжу 1- орын, № 128 мектептің жалпы орта мектебінің 5 сынып оқушысы Бүркітбай Сымбат пен  №138 Абай ауылдық орта мектебінің 5 сынып оқушысы Аманкелді Ұлболсын 2- орынды иеленді.
  № 43 мектептің 7 «г» сынып оқушысы Құлқайыр Аяжан Қайыржанқызы, № 271 мектептің орта мектебінің 7 «г» сынып оқушысы Баймұрат Нұрым Болатұлы, № 43 мектептің 6 «а» сынып оқушысы Шахарбек Диас Нұрболұлы жүлделі 3- орындарды иеленді. 

 
20 ақпан 2023 ж. 523

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам