Жемқорлық -ғасыр дерті

   «Парасат жолы» жобасы аясында, А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада  жемқорлықсыз қоғам  құру,  жастарымыздың ой-санасын пара беру, сыбайластық арқылы мақсат-мұратқа  жету секілді жат қылықтан арылту мақсатында "Жемқорлық -ғасыр дерті" атты  таным сағаты  өткізілді
   Шара барысында «Абылайхан атындағы №140 орта мектептің 9-сынып оқушылары «Жемқорлық ғасыр дерті» атты кітап көрмесімен танысып, тарих пәнінің мұғалімі  Жаңабергенова  Жанар  «Сыбайлас жемқорлық»- ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп – қатерлерінің бірі болып табылатынын және де жемқорлық - мемлекеттің, қоғамның  дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет екеніне   ерекше тоқталып өтті. Библиграфиялық шолу барысында «Мемлекет және құқық негіздері», Артықбаевтың «Жеті жарғы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдар топтамасы оқырмандардың сұранысына ерекше ие болды. Шараға 18 оқырман қатысты. Шара нәтижесінде кітапханаға 6-жаңа оқырман жазылды.
 
22 ақпан 2023 ж. 398

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам