Ән-атасы Әміре

   № 4 кітапхананың ұйымдастыруымен «Ән-атасы Әміре» атты өнер сағаты №253 мектеп кітапханасында өткізілді. Қазақтың халық әндерін әлемге паш еткен – атақты әнші, актер әрі музыкант Әміре Қашаубаевтың туғанына 135 жыл толуына орай ұйымдастырылған шарада оқушыларға  әншінің өмір жолы жайлы ақпарат берілді.Музыка пәнінің мұғалімі Бисекенова Гүлзада Ақан серінің «Балқадиша», Мәриям Жагорқызының «Дудар-ай» әндерін тамылжыта шырқап, балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады.
   Шараға арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында әуелеген әнімен адамзат баласын таңдандырған, қайталанбас ұлы тенор әншінің өмірі мен өнеріне арналған әдебиеттер мен мерзімді басылым беттерінде жарық көрген  мақалалар  қойылды.
 
23 ақпан 2023 ж. 413

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам