Кітап еліне саяхат
№2 балалар кітапханасында №233 мектептің 3 «А» сынып оқушыларының қатысуымен «Кітап еліне саяхат» атты ашық есік күні өтті. Шара барысында кітапханаға келген балаларға «Кітапхана сөзінің мағынасы нені білдіреді?» деген сұраққа жауап бере отырып, кітапхана ережесімен, жұмыс тәртібімен және кітапханаға жаңадан келіп түскен кітаптармен таңыстырдық. Балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Кейіпкерді тап» атты ойын ойнатылды.Соңымен қатар балаларға «Кітаптар мұны» атты әңгіме дауыстап оқылып, кітапты ұқыпты ұстауға ұсыныс берілді, Шараға 25 оқушы қатысты.







