Ұлы дала хандары
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 20 кітапхананың ұйымдастыруымен қазақтың ұлан байтақ жерін қорғауда, бүгінгі күн үшін қасық қаны қалғанша күрескен хандарымыздың жүріп өткен жолы мен өмірін насихаттауға арналған «Ұлы дала хандары» атты тарихи кеш өтті.
Кешке Ә. Мүсілімов атындағы № 101 мектеп – лицейінің тарих пәнінің бірлестігі мен оқушылары белсене атсалысты. Кеш қонақтары Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің тарих кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Азирбекова Аманкүл Жорабекқызы , Абай атындағы ДБА мектебінің тарих пәнінің ұстазы Шарманов Асқар Александырұлы қатысты.
Шара барысында өскелең ұрпаққа халықымыздың бай тарихынан сыр шертетін арнайы дайындалған кітап көрмесі таныстырылды. Оқырмандар өлең оқып ,қазақтың туын биік көтерген хан Абылайға арналған көрініс көрсетілді.
Кешті қалалық орталықтандырылған кітапханар жүйесінің кітап қорын толықтыру және өңдеу білімінің кітапханашысы Жаманаева Айгүл Дарбасқызы қорытындылап шараның өтуіне атсалысқан мектеп ұжымы мен оқушыларға арнайы алғыс хаттармен марапаттады.
Қазақ хандығының туы көтеріліп, қалыптасып, дәуірлеуі жолында қаншама хандар мен сұлтандар, батырлар мен билер, жүздеген мың аламан сарбаздар ажал тауып, жер құшты, шейіт болды. Олардың рухына тағзым ету – бүгінгі ұрпақ, біздің, парызымыз. Азаттыққа жетер жолдың қаншалықты ұзақ, қаншалықты таукіметті екенін көрдік. Ал азаттықты баянды етудің де оңай шаруа емес. Міне бүгінгі шарамыздың маңызы мен мақсаты, өскелең ұрпаққа осыны ұғындыру.







