Ұлбала Алтайбаева

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №18 кітапханада Социалистік Еңбек  Ері, күріш өсіруші, ауыл шаруашылық озаты Ұлбала Алтайбаеваның туғанына 100 жыл толуына орай танымдық  кеш №197 мектептің 9 «А» сыныбы мен №197мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Маделханова Құралай, мектеп тәлімгері- Сыздық Сымбат және география пәні 9 «А» сынып жетекшісі Әбдірахманова Нұргүлдің қатысуымен өткізілді.                                              
    Кешке  Ұлбала Алтайбаева анамыздың туған ауылы  - Еңбекші ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Батышева Ұлман, Ұлбала Алтайбаева анамыздың қызы- Еңбекші ауылдық дәрігерлік емхананың бас дәрігері Бекжанова   Күнімхан.      Танымдық  кеш оқушы Қайырбек Мерейдің  ақын Рза Қунақованың Ұлбала Алтайбаеваға арнап жазған «Қос жұлдызды Ана» өлеңімен ашылды.
    Кеш барысында 3 «А» сынып оқушысы Батырбекқызы Інжумаржанның орындауында  «Қазағым» әні, 9 сынып оқушысы Қайырбек Мерейдің орындауында   «Жақсы адамдарым» әні орындалды.  Кеш қонақтары Ұлбала Алтайбаева жайлы естеліктерімен бөлісе отырып, кешке қатысушы оқырмандар сұрақтарына жауап берді. Ұлбала Алтайбаеваның еңбек жолынан сыр шертіп, игі істерін жас ұрпаққа үлгі етті. 
                                                                                                                                                                               
27 ақпан 2023 ж. 517

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам