Қасіретті жылдар шежіресі
31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай № 16 қалалық кітапхана мен Қызмет көрсету және сервис колледжінің ұйымдастыруымен «Қасіретті жылдар шежіресі» атты тарихи кеш өткізілді. Кеш бір минут үнсіздікпен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алумен басталды. ХХ ғасырдағы қазақ ұлты тартқан ең ауыр азап – мыңдаған жазықсыз жапа шеккендер, миллиондаған қазақтың басын жұтқан ашаршылық, қазақтың бетке ұстар қаймақтарын қынадай қырып салған репрессия жайлы тарих пәнінің мұғалімі Нұрымбетова Фарида баяндама жасады. Колледж студенттері Мырзабек М., Өтешов Н., Қалдыбайұлы Б., Сағындық Қ., Шаймағанбет Ғ., Шамшат А. зұлмат жылдар оқиғасы туралы көрініс көрсетіп, жыр шумақтарынан үзінділер оқыды. «Қолдан жасалған қасірет» атты видеороликтер көрсетіліп, «Қасіретті жылдар шежіресі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Жас ұрпаққа қанқұйлы жылдар оқиғасымен таныстыру, жазықсыз жапа шеккен азаматтардың есімдерін ұмытпай, оларды мәңгі есте сақтау.








