» » Түнін жарған азаптың – ұлы ақыны қазақтың

Түнін жарған азаптың – ұлы ақыны қазақтың

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхана  «Ұлылардан ұлағат» жобасы аясында қазақ әдебиетін, оның ішінде ұлттық поэзияны әлемдік деңгейге көтерген ақын, жазушы, педагог-ағартушы, тарихшы, аудармашы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай «Түнін жарған азаптың – ұлы ақыны қазақтың» атты әдеби оқу өткізді.
  Іс-шараға республикалық «Дуальды оқыту, дуальды білім беру» орталығының жетекшісі Г. Шамшырақова, Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің кітапхана меңгерушісі А. Сейіл, аталған колледж студенттері және Т. Мырзабеков атындағы №15 мектеп-лицей мен К. Қаракөзов атындағы №235 орта мектептің оқушылары қатысты. Оқырмандар ақын М. Жұмабаевтың «Туған жерім - Сасықкөл», «Балалық шақ»,  «Әже», «Анама», «Гүлсімге», «Мен жастарға сенемін», «Көкшетау»  және т.б. шоқтығы биік туындыларын мәнерлеп жатқа оқыды. Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. 
   Іс-шараның мақсаты - сыршыл ақын Мағжан Жұмабаевтың мол әдеби мұрасын оқырманға насихаттау, олардың азаматтық ұстанымының, ұлттық ой - санасының қалыптасуына ықпал ету. Поэзияға сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. 
 
27 ақпан 2023 ж. 480

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам