Мұзарт таудай биік тұлға

  А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана Абылайхан атындағы №140 орта мектептің оқушыларының  қатысуымен, Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын, зерттеуші  МұзафарӘлімбаевтыңшығармашылығына арналған «Мұзарт таудай биік тұлға» атты әдеби  лото ұйымдастырды.
   Шараға мектептің 7 «Ә» сынып оқушылары және сынып жетекшісі Байдарбесова Салтанат Бақытбекқызы қатысты. Әдеби лото Мұзафар Әлімбаевтың балаларға арналған шығармалары аясында болғандықтан, арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесіндегі «Екі томдық шығармалар жинағы», «Көңіл күнделігінен», «Ана тіліне тағзым», «Көзін көрдік жақсы менен жайсаңның», «Нақылнама» атты сөз сүлейлерінің бірі  Әлімбаевтың  мағынаға толы, ұшан-теңіз нақыл-сөздер кітаптары таныстырылып, ерекше сұранысқа ие болды. Ойын барысында сандардың астында жасырылған  ақынның шығармашылығы мен өлеңдеріне байланысты көптеген сұрақтар балалардың қызығушылықтарын арттырып, ойлануға, білгендерін естеріне түсіруге ынталандырды. Әдеби лото өте тартымды, көңілді, қызықты өтті. Шара нәтижесінде белсенді оқырмандарға  кітапхана ұжымының атынан сый-құрмет көрсетілді. 
      
28 ақпан 2023 ж. 424

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам