Ұлтын сүйген асыл ер

   Қалалық  орталықтандырылған  кітапханалар жүйесіне қарасты    № 16 кітапхана мен Т. Жүргенов атындағы № 136 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына орай «Ұлтын сүйген асыл ер» атты дөңгелек үстел өткізілді.
    Шараға   Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің тарих кафедрасының аға оқытушысы, профессор  А.Ж.Оразбақов,  Қалалық кітапханалар жүйесінің директорыРахметова Г,  Т. Жүргенов атындағы № 136 мектеп-лицейінің директоры  Камитбекова Ж.   және мектеп ұстаздары мен мұғалімдері қатысты. Шараға қатысушылар мектептің «Тұғыры биік тұлға» атты музейі мен «Ұлтым деп соққан жүрегі» атты кітапханашылар ұйымдастырған көрмемен танысты. 
Шара барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушысы  Оразбақов А. Ж. қоғам және мемлекет қайраткері Т. Жүргеновтың өмір жолдары, шыққан тегі, қазақ халқы үшін жасаған ерен еңбегі, Орта Азия мен Қазақстанда білім-ғылымның, мәдениет пен әдебиеттің дамуына қосқан орасан зор үлесі жайлы кеңінен айта отырып, оқырмандардың сұрақтарына жауап берді. «Жүргенов төсбелгісі» жобасының қатысушылары Садықбек Аружан, Амирбекова Әсел Т.Жүргеновтің  білім саласына  және қазақ тіліне қосқан үлесі жайлы өз ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар мектеп оқушылары  Бекзат Мұрат Темірбек атасына арнау өлеңін оқыса, Бисен Ринат «Соңғы сөз»  атты Жүргеновтың монологын  жатқа оқыды.   Шара соңында Қалалық кітапханалар жүйесінің директорыРахметова Гүлмира Шамсутдинқызы және Т. Жүргенов атындағы № 136 мектеп директорыКамитбекова Жанат Убайдуллақызықорытынды сөз сөйлеп, шараға  ат салысқан қонақтарға, мектеп оқушыларына алғыстарын білдірді.
 
28 ақпан 2023 ж. 491

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам